Жаңалықтар

Clubhouse әлеуметтік желісі Android-та да пайда болды

0
(0)

Clubhouse аудио-әлеуметтік желісі Android үшін қосымшаның ресми сынақ нұсқасын шығарды, – деп  хабарлайды Android Police сайты.

Қазіргі уақытта бағдарламаға бірнеше пайдаланушы ғана кіре алады. Алайда компанияның ресми блогында алдағы апталарда Clubhouse-ты көптеген адам Android-та сынап көре алатыны айтылған. Қосымшаның толық шығарылымы қашан болатыны әлі белгісіз. Сарапшылар әлеуметтік желі бета-арнадағы пайдаланушылар үшін қол жетімді болғандықтан, ол жақын арада барлығына ашылады деп болжап отыр.

Бұған дейін аудио-әлеуметтік желінің лезде танылғаны ірі компаниялардың ұқсас қосымшалар жасауына себепші болған. Мысалы, наурызда Instagram Clubhouse аналогын жасағанын жариялады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button