Жамбыл облысыЖаңалықтар

Өзге ұлттан 10 бала асырап алған отбасы

5
(1)

Жетімін жылатпаған қазақ халқы қазіргі уақытта да осы қағиданы берік ұстанып келеді. Мәселен, Жамбыл облысының Құлан ауылында тұратын Исаевтар отбасы ата-анасының қамқорынсыз қалған 6 баланы қанаттарының астына алған. Бір ерекшелігі, жаңа отбасы тапқан жеткіншектердің барлығы өзге ұлт өкілдері. Өздерінің 4 ұл-қызымен қоса қазір бұл шаңырақта 10 бала тәрбиеленіп келеді. Тілі мен түрі басқа болғанымен, өзара татулықта бақытты күн кешудің формуласын тапқан ерекше әулет жайлы Еуразия бірінші арнасында айтылды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Тақпақ оқығанда қамшы салдырмайтын бұл бүлдіршінннің тәтті қылығы Исаевтар отбасының өмірін осыдан екі жыл бұрын түбегейлі өзгерткен. Қыз бала асырап алуды көздеген оларға кішкентай Ульяна қатты ұнап қалады. Алайда, оның екі ағасы мен бір әпкесі бар болып шыққан. Ойлана келе, ата-анасының қарауынсыз қалған олардың барлығын Бауыржан мен Бота өз бауырына басатын боп шешіпті. Кездесуге барған сәтте Ульяна және оның бауырларымен тағдырлас тағы екі бала «Біздің де сіздермен барғымыз келеді» деп өтініш жасаған. Енді міне, олардың барлығы бір шаңырақтың астында өмір сүріп келеді. Бұл үйдің балаларының арасында қазақтан бөлек орыс және украиндар бар. Ал жақын күндері татар ұлтынан тағы екі баланы қамқорлыққа алмақшы.

Ботагөз БАКЕЕВА, Құлан ауылының тұрғыны

Ұлтында тұрған ештеңе жоқ, бәрі бала, үйренеді. Сөйтіп, отбасымызбен ақылдасып сондай шешімге келдік. Қазір тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Үйренді балалар, келгенде қиыншылықтар болды, әрине».

Осылайша Бота бір сәтте он баланың анасы боп шыға келді. Отбасы ішіндегі жақын қарым-қатынасты қалыптастыруға бір жылдан астам уақыт кетіпті. Үйдің үлкендері барлық баланы теңдей көруге барын салған. Соның арқасында қазір бұл шаңырақ көпке үлгі, ел үшін мақтаныш. Балалардың да аялы алақанның жылуын сезіп отырғанын көздерінен-ақ анық байқауға болады.
Қазір бұл үйдің үлкені – Светлана. Ол 9-сынып оқиды. Кішілердің барлығы оны тыңдайды, жақсы көреді. Мереке, Меруерт, Ангелина мен Ульяна оның жәрдемшілері. Ал ұлдардың ішінде Владиславтың жөні бөлек екен. 6-сынып оқушысы спортқа жақын, пысық, шаруақор. Іні-қарындастарына да қарап жүреді. Ол Бексұлтан, Ерсұлтан , Ярослав інілерімен бірге атқа мінгенді жақсы көреді.

Владислав ШЕВЦОВ , Құлан ауылының тұрғыны

Маған осы жерде барлығы ұнайды. Мама-папам жақсы. Бос уақытта гүлдерді суғарып, ағаштарды суғарып, атаға көмектесеміз. Жылқыларға жем,су береміз,күн сайын өріске алып барамыз азанда».

Бұл үйдің отағасы әскери адам, күн-түн жұмыста болған соң бала бағу көбіне Бота менен ата-әженің міндетіне кіреді. Қазыналы қариялардың берген тәрбиесі ұл-қыздарды тек жақсы амалдарды жасауға жетелеп келеді екен.

Ботагөз БАКЕЕВА, Құлан ауылының тұрғыны

Ең бастысы ата-апаның тәрбиесін алып жатыр қазір. Әке мен шешенің ара қатынасын, қарым-қатынасын, отбасындағы сыйластық, адамгершілік, бәрін көріп өсіп жатыр. үйреніп жатыр, қазақтың салт-дәстүрі бәрін біледі қазір».

Бұл отбасында жеткіншектер 23 жасына дейін тәрбиеленеді. «Бұйырса, ұлдарды ұяға, қыздарды қияға қондырамыз» дейді әулеттің үлкендері. Ал Ботагөз болса «қазір баламыз көп, болашақта немерелереміз де бір бала-бақшаны түгелдей толтыратын шығар» деп армандап отыр. 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button