ЖаңалықтарШымкент қаласы

Экс-шенеуніктің қызы халықты белден басып, құрылыс жүргізуде!

5
(2)

Шымкентте шу шықты. Бас көтергендер «Нұрсәт» шағын ауданының тұрғындары. Жұрт екі үйдің арасында бос жатқан алақандай жерге тағы бір көпқабатты тұрғын үй кешенінің салынатыны қарсы. Қараша халық бұл күнде қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары тез арада тоқтатылмаса, техниканың астына түсуге дайынбыз деп бекініп отыр. Ал, мердігер мекеме өкілдері «жер өзіміздікі, сондықтан да «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» деген уәждерін алға тартуда. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірнші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Нұрсәт» шағын ауданындағы 206-шы үйдің тұрғындары о баста тұрған жерінің кеңдігіне қызығып, пәтерлерін нарықтық бағадан қымбатқа алыпты. Сол кезде аудандық әкімдіктегілер үйдің маңайындағы бос жерлер көгалдандырылып, демалатын орын жасап береміз деп ант-су ішкен екен. Оның бәрі сөз күйінде қалып, аллея орнына бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталып кеткен.

Жиналғандар тұрғын үй салынса келеңсіздіктер көп болады дейді. Пәтерлеріне күннің көзі түспей ылғандалып, қазу жұмыстары кезінде қабырғаларына зиян келіп, сызат түсе ме деп үрейленеді. Себебі, екі үйдің арасы тым жақын.

Сайлау САЙНИЯЗҰЛЫ,  қала тұрғыны:

Бұл құрылыс жүргізіп жатқан компания Батсуға, қазір Батсудың басқарып отырған бастығы оның қызы, әкесі Ислам Әбіш. Күдігіміз енді сол кезде болмаған нәрсені қазір болдырып отырғандар да, қазір беріп отырған адамдар да соны сұрап отырған арасында анау-мынау жүрген ғой».

Шу шыққан жерге экс-шенеунік Ислам Әбіштің  қызы арнайы келді. Ол жер жекенің меншігінде болғандықтан құрылыс жұмыстарын бастадық деп отыр. 2016 жылы құжаттарының дұрыс болмаусына байланысты, рұқсат берілмепті. Жоба шетелде жасалғанын және барлық талаптар сақталғаннын айтқан құрылыс басшылары тұрғындармен ортақ келісімге келуге болады деген ойда.

Мадина ИСЛАМ, мердігер мекеме директорының орынбасары:

Бір келісімге келе аламыз. Егер де бір ұсыныстарыңыз болса, мысалы үшін детский площадка. Бұл үйдің детский площадкасы өте кішкентай, біз общий детский площадка жасап, үш домға да тиісті болатындай детский площадька жасап берсек деп ойладық».

Ал, әкімдік өкілдерінің айтуныша, құрылысты салуға рұқсат беріліпті. Ал тексеру жұмыстарын жеке меншік компания жүргізген екен.

 Жасұлан МАМЫРБЕКОВ, қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау инспекциясының бөлім басшысы

2016 жылы қандай себептерге сәйкес құрылыс салуға болмайды деген нені мен білмеймін. Қазіргі таңда, құрылыс салуға хабарлама тіркелген».

Қос тарап құрылыс жұмыстарына байланысты ортақ келісімге келе алмады. Жағдайларын айтып құзырлы органдарға арызданған тұрғындар үйді салдырмас үшін техниканың астына түсуге дайынбыз дейді. Ал  мердігер мекеме өкілдері шенеуніктер басқа жақтан жер беретін болса дауға айналған құрылысты тоқұтатып, сол жаққа көшуге кетәрі еместіктерін жеткізді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button