ЖаңалықтарКадрлар кабинеті

Ержан Мейрамов телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды

0
(0)

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ержан Болатұлы Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ержан Мейрамов 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақ экономикалық университетін, Лондон Корольдік колледжін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер, экономист, мемлекеттік саясат магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің құқықтық сараптама бөлімі маманының м.а. болып бастаған.

2004-2011 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды.

2011 жылғы сәуір-маусым аралығында Қазақстан Даму банкінің Заң департаменті директорының орынбасары болды.

2014-2016 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ инвестицияларды коммерцияландыру және тарту департаментінің директоры.

2016 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button