ЖаңалықтарНұр-Сұлтан қаласы

Елордада асфальт опырылып, жер астына түсті

5
(1)

Елордада Мәңгілік ел көшесінде автожол үстіндегі асфальт опырылып, ойық пайда болды.  Оқиғаға қатысты «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ресми мәлімет берді.

«Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Мәңгілік ел көшесі, 82 мекенжайы бойынша мердігердің сапасыз материал орнатуынан құбыр құдығының жабын плитасы ішінара опырылып құлағанын хабарлайды. 2 мамыр күні авариялық бригада құдық жабынының қалған бөлігін бөлшектеп, шойын қақпақ орнатып, бетондады. Аталған орынға жөндеу-құрылыс бригадасы асфальт төсейтін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген компанияның баспасөз қызметі ұсынған жауапта.

Айта кетейік, бұл, сапасыз жолға қатысты астанадағы бірінші оқиға емес.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button