COVID-19 тестінен міндетті түрде өтетін тағы бір топ анықталды

 299 

«Жергілікті атқарушы органдар әскерге шақырылатындарды полимеразалық тізбекті реакция бойынша тесттен өткізуі тиіс. Сондай-ақ, азаматтарға хабар жеткізу, медициналық тексерістен өткізу, жинау және әскерге жіберу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық норманың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», – деді Жүсіпов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, әскерге келетін жастардың санитарлық нормаларды сақтау шараларына баса назар аударылады. Олар оқшау тұрады және қауіпсіздікті сақтайтын болады. Жалпы, биыл 17 000-тан астам азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, биыл төтенше жағдайға байланысты өткен жылы әскерге шақырылғандарды запасқа шығару уақытша тоқатылды. Олар әскери борышын атқаруды жалғастыра береді. Ал әскерге шақырудың биылғы мерзімі маусымнан тамызға ауысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

Бөлісу:


Және де: