Жаңалықтар

Президент 9 мамыр тойланатынын айтты

0
(0)

Беларусь елінің президенті Александр Лукашенко коронавирус індетіне қарамастан жеңістің 75 жылдығын тойлайтынын айтты деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі rbc.ru-ға сілтеме жасап.

«Айтпағым, біз жеңіс күніне орай өткізілетін шеруді қалдыра алмаймыз. Олай істей алмаймыз. Мен бұл туралы ұзақ ойландым. Әрине бұл өте сезімге толы, терең мағыналы мереке. Бірақ соғысқа қатысқандар мүмкін әртүрлі аурудан, вирустан өлген шығар. Алайда олар ол кезде оны сезініп, ол туралы ойланып та көрмеді. Сондықтан қалай болған күнде де, олар біз үшін жанын өлімге қиды. Соның үшін есте сақтағанымыз жөн»,-деді Лукашенко.

Сондай-ақ президент Александр Лукашенко ұйымдастырушыларға ескерту жасады. Өзінің өміріне адаңдаушылық білдіретіндерді «мерекеге сүйрелеудің қажеті жоқ екендігін» баса айтты.
«Қаламай ма, қорқады ма, денсаулығын күтсін. Біз оны түсінеміз. Бүгінгі таңдағы мыңдаған адамның мерекенің өткенін қалайтындар жеткілікті»,- деп толықтырды ол.

Беларусь елінің мемлекет басшысының ойынша, мерекелік шеру ең қорқынышты дүние емес. Себебін ол елдегі қиын жағдайды ескере отырып, тиісті сақтық шараларын сақтай отырып, «отан үшін қаза болғандарды еске алу» мерекесін жоғары деңгейде аталып өтетінін айтты.

Бүгінгі таңдағы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Беларусь елінде 14 917 адам коронавирус індетін жұқтырып, 93 адам қайтыс болған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close