ӘлемдеЖаңалықтар

Тәжікстан билігі Facebook-ке салық төлеттірмекші

0
(0)

Тәжікстанның Салық комитеті Facebook әлеуметтік желісі салық төлеуші ретінде тіркелгенін мәлімдеді Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, Тәжікстан азаматтарына интернет-қызмет көрсеткен компаниялар 18 пайыз қосымша құн салығын төлеуі керек.

Facebook және оның ресми өкілдері Тәжікстанның Салық комитетіне тіркеуден өту бойынша ресми мәлімет бермеді.

Facebook – Тәжікстанда он мыңдаған қолданушылары бар танымал әлеуметтік желілердің бірі.

Салық комитеті Facebook компаниясынан тысқары салық төлеуші ретінде Doodle Incorporation, Novatech және Esolar Ltd. компаниялары да тіркеуден өткенін мәлімдеді.

Тәжікстан Facebook, Google және басқа ірі телекоммуникациялық компанияларға салық төлету жағынан Ресей, Испания, Өзбекстан секілді басқа өлкелердің тәжірибесіне сүйенген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button