ЖаңалықтарСаясат

Ұлттың жаңа болмысы: Жастарды еңбекке бейімдеу

5
(2)

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы жастарға, соның ішінде волонтерлер үшін үлкен күш берді. Себебі президент бастамасымен 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп қабылдаған болатын.

Президент жолдауының Ұлттың жаңа болмысы бөлімінде жас буынды еңбекке икемдеу және жауапкершілік мәселесі қарастырылған. Бұл дегеніміз әр жас ұрпақ өзіне жүктелген міндетті, жауапкершілікті арқалай отырып, елге және жерге адал қызмет етуі керек деген сөз. Ал бұл мәселеде ең бірінші болып іске кірісетіндер әрине, волонтерлер. Олар ерікті түрде, өз қалауларымен қоғамға өз пайдасын тигізеді. Бұған дейін де тигізген еңбектерін жоққа шығаруға, тіпті атамай кетуге болмайды.

Мәселен, пандемия және карантин кезінде волонтерлер дәрігерлерге де, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмек қолдарын созды. Соның нәтижесінде үлкен жұмыстар атқарылды.

Осы ретте Қазақстандағы волонтерлер лигасының басшысы бастаған жастар «Ашық жүрек» әлеуметтік жобасын таныстырды. Одан бөлек «Жаса, Қазақстан» акциясына қатысқан отандық блогер және вайнерлер үлкен көмек көрсеткендерін еске сала кеткен дұрыс. Бұл туралы Елордадағы волонтерлер лигасының директоры Сұлтан Аллаберген былай дейді:

«Олар бір-екі сағат уақыттарын жұмысады. Бұл аз. Бірақ олар қоғамға өз үлестерін қосты. Осылайша олар адамдарға, қоғамға қамқор болуға дайын екендіктерін жеткізді. Еліміздің әрбір азаматы солай істеуі керек!».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close