Жаңалықтар

«Еріктілер жылы» аяқталғанымен бұл үрдіс қоғамнан жоғалмайды

5
(2)

Қазақстан волонтерлері лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ашық жүрек» әлеуметтік жобасын таныстырды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

«Біздің қоғам еңбек құндылықтарына деген көзқарасты өзгертуі керек. Жас буынға еңбекті бағалауды, оны абыройлы және абыройлы емес деп бөлмеуді үйреткеніміз жөн», – деді мемлекет басшысы өз жолдауында.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ашық жүрек» жаңа жобасының басталғаны жария етілді, және жыл соңына дейін волонтерлар санын 3 есеге ұлғайтатыны да айтылды.

«Біздің түсінігіміздегі жауапты адам – патриот. Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «патриот – ол волонтер». Себебі волонтер өзін ғана емес, айналасындағыларды, елін ойлайды. Зиянын тигізбейді, көмектеседі. Жауапкершілікті мемлекетпен бөліседі және оны басқаға жүктемейді. Сондықтан «Ашық жүрек» сияқты жобалар жауапкершілікті өз мойнына алатын жүйелі жастарды, көшбасшыларды, патриоттарды қолдайтын болады. Біз Жолдауды жүзеге асыруға сөзбен ғана емес, іспен де кірісіп кеттік», – деп атап өтті Қазақстан Волонтерлер лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова.

Мемлекет тарапынан және тағы да басқа ұйымдар атынан көрсетілетін көмектің барлығын қарапайым халық, еріктілер арқылы алуда.

«Ашық жүрек» жобасы Азаматтық бастамалар орталығының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен осы тәжірибені бүкіл елге таратуға және кеңейтуге жол ашады. Біз әр өңірде өз саласында жұмыс істейтін, өз өңірімізді көркейтетін, мұқтаж отандастарымызға, нақты учаскелерімізде көмек көрсететін пікірлес топтардың құрылғанын қалаймыз», – деді А.Ерниязова.

Волонтерлар жылы аяқтала салысымен, бұл жүйе тоқтайды деген сөз емес. Еріктілер әр кезде де қоғамның бір бөлшегі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close