Жаңалықтар

Волонтерлар лигасы мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыруға шақырды

5
(1)

Биылғы жыл «Еріктілер жылымен» ерекшеленді. Ел басына күн туған кезде еріктілердің жұмысы арта түсті. Пандемия біздің елді де айналып өтпеді.  Коронавируспен күресіп жатқанымызға жарты жыл уақыт өтті. Осы уақыт ішіндегі еріктілердің ерен еңбегін атап өтпеу мүмкін емес. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында алдымызға зор міндет қойды: қоғамдық санаға еңбек құндылықтары мен идеалдарын сіңіру, жастардың еңбек құндылықтарын қабылдауын өзгерту, оны беделді және беделсіз деп бөлмеу. Егер осы жылға дейін, еріктілер жылына, пандемияға дейін, көптеген адамдар волонтерлікке қатысты скептицизм танытса, мұндай қызмет «абыройсыз» деген стереотип болса, бүгінгідей қиын жағдайда бәрі өз орнына түсті. Тек еңбекпен ғана алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге болады», – деді Қазақстанның волонтерлер лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова.

Еріктілер лигасы құрылды. Онда 15000-нан астам адам бар. Қуантарлық жайт, қазіргі тағда 7,5 мың қазақстандық ерікті бар.

«Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Осы қиын сәтте біздің тату халқымыз бірікті. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бей-жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Birgemiz»қорының арқасында 550 мыңнан астам отбасы бірреттік қаржылай көмек алды.

«Біз әрқайсыңызды волонтерлер қатарына қосылуға үндейміз. Волонтерлік еткен жақсы! Маңызды! Әрі пайдалы!»,- Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қазақстан Волонтерлер лигасы филиалының Нұр-Сұлтан қаласындағы директоры Сұлтан Аллабергенов осылай деді.

Пандемия кезінде  волонтерлердің көмегі көп болғанын тағы да айта кеткен жөн. Елордалық бас волонтер және отандық вайнерлер мен блогерлер «Жаса Қазақстан» акциясына белсенді қатысты. Арнайы медициналық маскалар таратқандарын тілге тиек етуге болады.

«Олар бір-екі сағат уақыттарын жұмсаса да, қоғамға өз үлестерін қосты. Еліміздің әрбір азаматы солай істеуі керек!»,- дейді Сұлтан Аллабергенов.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close