Жаңалықтар

Жұмыссыздар саны өсіп келеді

0
(0)

Жұмыссыздар саны өсіп келе жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің мәлімдеуінше Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан көмек алуға 34 мың адам жүгінген. Ақмади Сарбасов атап өткендей төтенше жағдай және карантиндік шектеу шаралары уақытында тіркелген жұмыссыздар саны 120 мыңнан 170 мыңға дейін өсіпті. Жұмысынан айырылғандар жаңағы қордан айлық табысының 40 пайызы мөлшерінде 6 айға дейін ақша ала алады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Дегенмен экономист мамандардың пайымдарына сенсек жұмысын жоғалтқандар мен табыссыз қалғандар саны миллионнан асып кеткен. Көмекке жүгіндер саны одан да көп. Ал қысқарту әлі де жалғасып жатыр. Енді жеке меншік балабақшалардың қызметкерлері жұмыссыз қалатын түрі бар. Десе де, екі қолға бір күрек ұстаймын дегендерге кәсіп те, табыс та табылады. Алайды оны да қомсынбай жатқандар бар. Оған себеп жоқ емес. Ендігі жайды Гүлмира Тасболатқызы сабақтасын.

Карантин бітуге жақындағанда еліміздің жеке меншік балабақшалырының басына қара бұлт үйрілді. Олардың 80 пайызы дерлік мемлекеттік тапсырысты орындап отыр. Яғни әр бала үшін үкімет ай сайын 29 мың теңге дотация төлеп келді. Десе де, карантин кезеңінде ақша төлеуден бас тартқан. Алдағы уақытта да қаржылай қолдаудың болуы екіталай-, депті шенділер. Елорданың өзінде осындай 220 мекеме бар. Әрқайсысында кем-дегенде 30-40 адам еңбек ететінін ескерсек, еліміздің бас шаhарында жұмыссыздар армиясы 9-10 мың адамға толығайын деп тұр.

КҮЛӘНДА БАТЫРБЕКОВА БАЛАБАҚША ИЕСІ:
«Біздің тәрбиешілер тамақтары жоқ, ақшалары жоқ тамаққа, жағдайлары төмен, жолдастары да жұмыссыз отыр. Ауылдық жерде білесіздер, сондықтан өте қиын жағдайда отыр».

Ертең сол тәрбиешілердің дені жер- жердегі жұмыспен қамту орталықтарын жағалайды. Елордадағыға осы күнге дейін күніне 100-150 адам бас сұқса, бүгінде олардың қарасы екі есеге артқан.

АЗАМАТ БАЙТАСОВ – ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
«Қазіргі таңда сұранысқа ие гостиничный, ресторанный бизнес, администратор, охранниктер жұмысын жоғалтты. Қазіргі таңда көбінесе заңгер, бухгалтер мамандығын іздеуде және талаптары 200 мыңнан кем болмауы керек. Сұранысты қанағанаттындыру мүмкін. Бірақ жалақының көбі 100 мыңнан аспайды. Ондай жұмысқа барғысы келмейді. Бірінші келгендер де опыты жоқ болса да үлкен жалақы іздеп жатыр».

Иә, бас қалада күн көру үшін құрығанда айына 200 мың теңге табуың керек. Нәпақа іздеп осында ағылғандардың уәжі бұл. 100 мың пәтер мен өмірі бітпейтін несиеге, қалғаны тамақ пен киімге. Ауылдық жерде ол да жоқ.

ҚАЙРАТ ЖҰМАШЕВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
-пока мүмкін болып тұрған жоқ қой ондай зарплата,

– Ал 70-80 мың ше
– Білмеймін ондай зарлатаға квартираға 80 мың төлейсің, тамағың бар
-Бармайсыз ба?
-Жоқ

Елімізде 130 мың адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген екен. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, олардың Қазақстан бойынша жалпы саны жарты миллионға жетіпті.

ЕРБОЛАТ АБІЛХАТИН ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:
«Ресми түрде статистика комитетінің мәліметі бойынша 2020 жылдың бірінші тоқсанында 8 пайыз құрады. Адам санына шағатын болсақ, ол 442 мың адам. Жалпы мамыр айының аяғына қарай ол сан өзгерді, көбейді. Жалпы жыл аяғына дейін жұмыссыздық деңгейі қалпына келмейді. Жылдың аяғына дейін 6,5 -6,8 пайыз болады деп отырмыз. Адам санына шағатын болсақ 700 мың адам жұмыссыз ретінде тұруы мүмкін».

Алайда министрліктің сөзіне экономикадан хабары барлар сенбейді. Олардың есебінше, екі қолға бір күрек таппай сенделіп қалатындардың саны бұдан едәуір көп.

МАҚСАТ ХАЛЫҚ ЭКОНОМИСТ:
«Бұның бәрі өтірік ақпарат, нақты тексеру керек. Қазіргі кезде көмекке өтініш берген адам саны 8 миллионнан жетіп қалды. Ал нақты көмек алғандар 4 миллион. Ол еңбекке жарамды адамдарың саны 40 пайыз. Біз сеніммен айта аламыз, жұмыссыздық деңгейі 2,5 -3 миллион адам , жұмыссыз қалады».

Үкімет экономикалық дағдарысқа қарсы шараларын түзді. Құны 1 триллион болатын жол картасын іске қосып. 250 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Олар шаhарды көгалдандыру, жол жөндеу және құрылыс сынды қызметтерге атсалысатын болады. Алайда, еңбегі ауыр болса да төленетін жалақысы мәз емес. 80-100 мың теңгенің айналасында.

Мысалы, шағын фирманың есепшісін алайық. Төтенше жағдайға дейінгі оның «жағдайы» – тұрақты жұмыс, 200 мың теңгедей жалақы , жылы кеңсе. Алайда карантин келді, клиент кетті. Бухгалтер жұмыссыз қалды. Енді үкімет есепшіге жол картасы аясында асфальт төсеуші мамандығын ұсынуда. Қолда күрек, аптап ыстық , 120 мың теңгедей жалақы. Тіпті бұл өзгеріс уақытша дегеннің өзінде оған есепші келісе қоя ма?

Көбінің мойнында бітпейтін бір кредит. Ақша шотқа түссе болғаны, банк төлем ретінде қағып алады. Аптап ыстықта жан алысып жан берісіп жүріп тапқан ақшамның қызығын көрмесем, несіне жұмысқа шығамын деп үйде шіреніп жататындар да бар. Алайда, жеме жемге келіп, жейтін нан таппағанда оған да көнесің.

АЙГҮЛ ІЗБАСАРОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
– Ең шамасы 80 мың, орташа нормально
– сізге өмір сүруге жете ма?
– менде айналдырған бір бала, жетеді. Үйіміз жоқ. Комнату снимаем, ең кемі 30 мың платим қалғаны тамаққа, қазір кризисный момент сонан соң 80 мыңға көнеміз

Бизнестің бар түрі карантин кезінде күйреді деуге келмес. Төтеп бергендер де бар. Солардың бірі қызылордалық жас кәсіпкер Медет Ермағамбет. Былтыр «Бизнес Бастау» бағдарламасы аясында екі айлық курстарға қатысып, 520 мың теңге грант ұтып алған. Енді міне, шағын болса да, шатқаяқтамаған шаруасы бар. 3 адамды, яғни үш бірдей отбасын асырап отыр деуге болады.

МЕДЕТ ЕРМАҒАМБЕТ, КӘСІПКЕР:
«Басында кішкентай бутиктен бастағам. Қазір айналысып жатқаныма 9 айдай болды. Қасымда кемінде 3-4 адам жұмыс істейді. Графикпен ауысып отарды».

Үкіметтің қабылдаған Жол қартасы жыл соңына дейін ғана есептелген екен. Одан кейін бұл бағдарламаның шапағатын уақытша болса да көретін 250 мың жанның жағдайы не болары белгісіз. Ал мамандар кризис кем дегенде әлі екі жылға созылады деп отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close