Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Алматы облысының тұрғындарымен үміткердің бағдарламасындағы әлеуметтік басымдықтарды талқылады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Өтеген батыр ауылында балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өтіп, жиын барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі мақсаттары айтылды.

– Алматы облысы – еліміздегі ең ірі өңірлердің бірі. Аймақ халқының 85 пайызы ауылда тұрады. Мұнда да барлық өзге өңірдегідей шешімін күтіп тұрған мәселелер аз емес. Сол мәселелерді қазақстандықтар жаппай қолдайтын күшті билік қана шеше алады. Сондықтан сайлаушылардың 20 қарашада сайлау учаскелеріне келіп, елдің одан әрі даму жолын анықтайтын таңдау жасауы маңызды, – деп атап өтті республикалық қоғамдық штаб мүшесі Азат Перуашев.

Бұдан кейін штаб мүшелері Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде Алматы облысының жұртшылығымен кездесті. Басқосуға 200-ге жуық адам қатысты. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы өңірлерді дамытуға және ауылдағы инфрақұрылымды жаңартуға арналған бөлімі қызу талқыланды. Сондай-ақ штаб мүшелері өңірдегі көпбалалы аналармен кандидаттың өскелең ұрпақты қолдау және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі сайлауалды бастамалары туралы әңгіме өрбітті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.