Жаңалықтар

Олимпиададан орын алған оқушыға 4,5 млн теңге береді

5
(2)

Енді халықаралық олимпиададан орын алған оқушылар сыйақысыз қалмайды. Білімімен мыңның ішінен оза шапқандар  4,5 млн теңгені қанжығасына байлайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, әлемдік деңгейдегі додаларда топ жарған оқушылар басқа да артықшылықтарға ие болады. Мұндай олимпиада жүлдегерлерін дайындаған педагогтерді де қолдау көзделген.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ: «Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын қолдау бойынша оларға конкурсқа қатыспай-ақ, ЖОО-ға түсу үшін грант беру мәселесін заңнамалық түрде зерттейміз. Сондай-ақ, халықаралық олипиадалардың жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында алтын медальға 1500 АЕК, биыл ол 4,5 млн теңгеге жуық сома, күміске 1000 АЕК,  қолаға 500 АЕК ақшалай бірмезгіл сыйлықтарын тағайындау жоспарлануда.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында халықаралық олимпиададан орын арған оқушыларға гранттар мен ақшалай сыйақылар беру мәселесін көтерген еді. Ал бұған дейін әлеуметтік желі белсенділері «спортта жеңіске жеткен спортшыларды ынталандыру үшін берілген ақшалай сыйақы неге халықаралық олимпиадада жеңген оқушыларға берілмейді?» деген  пікірлер жазған болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button