Әлем

Аркадағтың әлемі: түрікмен президенті енді әскери ұшақты тізгіндеді

Аркадағ аспан әлеміне әскери ұшақпен ұшып шыққан.

Түрікмен президенті Г.Бердымұхаммедов Балкан уәлаятына сапары барысында әскери ұшақты тізгіндеп, зеңгір аспанда қалықтады.

Бұл туралы time.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.

Вице-премьер мен елдің қорғаныс министрі әскери балансқа жаңа ұшақтар мен өзге де техникалардың келіп түскенін мәлімдеген соң, толыққанды ұшқыштардың киімін киген Аркадағ аспан көгін әскери ұшақпен бір қалықтап келген.

Жерге қонған президенттің ұшу шеберлігіне тәнті болған қорғаныс министрі оның ұшу кезінде киген униформасын Бердымұхаммед Аннаев (Аркадағтың атасы) атындағы әскери мектептің музейіне қоюға рұқсат сұрап, президент келісімін алған.

«Әскери ұшақ кез-келген жағдайда ұшуға әзір» – деп оң бағасын берген түрікмен президенті елдің әскери-техникалық базасын біртіндеп жаңалауға уәде берген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.