Жаңалықтар

«Карантиндегі білім беру: Қазақстан және Әлем» атты баспасөз конференциясы өтті

5
(1)

   «Daryn Online» республикалық білім беру платформасының ұйымдастыруымен «Карантиндегі білім беру: Қазақстан және Әлем» атты баспасөз конференциясы өтті.

   Қазақстандық оқушылардың карантинде алған білімі қандай деңгейде? Еліміздегі онлайн білім беру жүйесінің ахуалы қандай? Қазіргі әлемдік пандемия оқу процесіне қалай ықпал етті? Оқушылар үшін оңтайлы, тиімді білім алу жүйесінің формасы қандай? Конференцияда осы секілді өзекті сұрақтарға жауап берілді.

Конференцияда «Daryn Online» білім беру платформасының негізін қалаушы, идея авторы Айбек Қуатбай, жоба кеңесшісі Садық Шерімбек, «Daryn Online» платформасының директоры Асқар Мақсат пандемия кезінде білімнің сапасын жақсарту үшін тың жоспарларды алға тартып, бірқатар мәселелердің түйінін көрсетті.  

    «Елдің ертеңі – саналы ұрпақ тәрбиелеуде білім беру ісі маңызды екені белгілі. Ал, қазір күллі әлем бетпе-бет келген қашықтан оқыту жүйесі – сіз бен бізді алаңдататын бүгінгі күннің өзекті, өткір мәселесі болып отыр. Өткен жылдан бастап залалын тигізген пандемия бірқатар мамандықтарды шеттетіп, жаңа үдеріс пен үрдістер қалыптастырды. Осы орайда Daryn online білім беру платформасы білім көкжиегіне жаңа белесті бағындыруда біраз ықпал жасады. Миллиондаған оқушы мен мыңдаған ұстаздар онлайн білім беру жүйесіне оңай машықтанды» – деді өз сөзінде Daryn online платформасының негізін қалаушы Айбек Қуатбай. 

Білім платформасы білім экожүйесін құрастырып, барынша сапалы қызмет көрсету үшін күш жұмсайды. Бірқатар жаңа жобаларды қолға алып, уақыт пен қашықтыққа қарамай оқушылардың қажетті білім алуын қамтамасыз етуде.  Осы орайда жаңашыл білімнің жандануына сеп болып отырған Ғылым және Білім министрі Асхат Аймағамбетовке зор алғыстарын білдіреді.  

    «Әлемге төнген індеттің нәтижесінде біз көптен бері қолға алу керек болған жаңа үрдіске көштік. Бұл – «онлайн» үрдіс. Әлемдік білім беру әдістеріне қарасақ, онлайн формат жеткілікті түрде дамып кеткен. Сондықтан пандемия кезінде де, одан кейін де қашықтан оқудың пайдасы көбірек. Осы орайда Daryn online платформасы Daryn Tutor, Daryn Teacher, Horda, Daryn Tandau секілді жобаларды қолға алып, көпшіліктің игілігі үшін қызмет атқаруда» – деді  Daryn online платформасының директоры Асқар Мақсат.

Баспасөз конференция қорытындысы бойынша, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар және жасалынатын жобалардың ұстаздар мен оқушылар үшін тиімділігі сарапталды. Қазақстанның білім беру жүйесін, озаттық көрсеткішін әлемнің алпауыт мемлекеттерімен теңестіру үшін бірқатар жолдар қарастырылды. 

Еске сала кетсек, Daryn online  платформасы 2018 жылдан бері онлайн режимде сабақтар түсіріп, қашықтан білім беру ісін дамытып келеді. Сонымен қатар платформада оқушыларды ҰБТ-ға, олимпиадаға дайындау мен мұғалімдерді аттестациядан өтуге даярлау курстары қамтылған. Бұл білім сапасының деңгейін жоғарылатып, өскелең ұрпақтың әлеуетін көтереді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button