COVID-19 vs QazaqstanЖаңалықтар

Алдағы аптада вакцина салдырғандарға «жасыл» мәртебе беріледі

0
(0)

Келесі аптада вакцина алған барлық қазақстандыққа Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебе беріледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«Келесі аптаның басында вакцина салдырғандардың бәрі Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебеге ие болады деген жоспар бар», – деді министр.

Ashyq –  қоғамдық орындарға баратын адамдарды тіркеуге арналған қосымша. Нысанға кірмес бұрын пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді де, оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Ал азаматтардың статусы денсаулық сақтау министрлігіндегі мәліметтер базасымен салыстырғаннан кейін белгілі болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button