ӘлемдеЖаңалықтар

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай тұрақты

0
(0)

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс болған аудандарда жағдай тұрақты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Екі мемлекет те атысты тоқтату туралы келісімді сақтауда. Бұл туралы Тәжікстанның Исфара қаласы әкімшілігі мәлімдеді. Шаһар тұрғындары үшін жолдар ашылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіле бастаған. Ал Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жақында халыққа үндеу жолдап, тұрғындарды өз үйлеріне оралуға шақырды. Қираған үйлерді қалпына келтіруге уәде берді. Сонымен қатар оқиғаны тергеуді тапсырып, бейбітшілікті сақтау үшін қақтығыс болған аудандарда тұратын ақсақалдардан комиссия құруды ұсынды.

Еске сала кетейік, сәуірдің 28-і күні Баткен ауданының Көк-Таш ауылындағы суды бөлу бекетінде жанжал туындап, оқиғаның соңы қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығысқа әкелді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button