Алматы қаласыЖаңалықтар

Алматыда даусымен жарты әлемді тамсандырған қазақ қызына ескерткіш қойылмақ

5
(1)

Алматыда КСРО халық әртісі, атақты опера әншісі Роза Бағлановаға ескерткіш орнатылады.

Ескерткіш Қабанбай батыр көшесінің оңтүстігінде, Байсейітова көшесінің шығысына қарай қойылады.

Қаланың мәдениет басқармасы өкілі Роза Бағлановаға арналған ескерткіштің үздік жобасын жасауға 2021 жылдың 12 наурызына дейін ашық конкурс жарияланғанын атап өтті.

«Бюджет 2021 жылдың екінші жартысында қаралады. Бүгінгі таңда ескерткіштің нақты сомасы белгісіз», – деді мәдениет басқармасындағылар.

Айта кетейік, халық әртісінің ескерткіші өзі дүниеге келген Қызылорда облысының Әйтеке би ауылында 2015 жылы орнатылған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button