COVID-19 vs QazaqstanЖаңалықтарНұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері үндеу жариялады

0
(0)

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мереке қарсаңында елорда тұрғындарына үндеу жариялады.

Елордада қашықтан оқитын оқушылар COVID-19-ды көбірек жұқтырған Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтырғандардың 48% − жұмыс істейтіндер Нұр-Сұлтанда COVID-19 жағдайлары 33,8%-ға төмендеді

«Мереке күндері қарсаңында қала тұрғындары мен елорда қонақтарынан шектеу және карантин шараларын сақтауды тағы да өтініп сұрағым келеді: маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар, мүмкіндігінше көпшілік жиналатын орындарға бармаңыздар және халық жаппай жиналатын іс-шаралар ұйымдастырмаңыздар», – деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, елордада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендеді. Тәулігіне шамамен 68 инфекция жағдайы тіркеледі, оның ішінде 37 жағдай симптомды, 31-і симптомсыз түрде. Қалада көбінесе 30-39 жастағы адамдар басым ауырады, олар 24,8% құрайды. 50 жастан асқан адамдар – 23,5 % болса, балалардың жалпы сырқаттанушылықтағы үлесі – 14,9% құрайды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button