ЖаңалықтарНұр-Сұлтан қаласы

«Ashyq» жобасы іске асуда. Елорданың 39 кәсіпкерлік нысаны пайдалана бастады

0
(0)

Осыдан бір ай бұрын елорданың кейбір мекемелері, соның ішінде фитнес-орталықтар, моншалар, сауналар келушілердің статусын анықтау үшін QR-кодтарды пайдалану жөніндегі «Ashyq» пилоттық жобасының қатысушылары болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, «Ashyq» мобильдік қосымшасы QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау арқылы келушінің мәртебесін анықтауға, яғни коронавирус тасымалдаушы ма, жоқ па деген сауалды нақтылауға мүмкіндік береді.

QR-код бойынша кіруді бүгінде елорданың 39 кәсіпкерлік нысаны енгізді. Олардың арасында фитнес-орталықтар, сауналар, бассейндер, моншалар, боулинг клубтары, бильярд бөлмелері және т.б. бар.

Айта кетейік, QR-код бизнес субъектісінің атауы, орналасқан жері және сәйкестендіру деректері көрсетілген электрондық сәйкестендіргіш болып саналады. Нақты бір объектіге кіру және шығу үшін кемінде 2 QR-код беріледі. Егер мекемеге бірнеше рет кіріп-шықса әр кіргені үшін жеке код жасалады.

Келушіге өзінің смартфонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеу, телефон нөмірі бойынша авторлану, ЖСН енгізу және өзінің баруын тіркеу үшін мекеменің QR-кодын сканерлеу қажет. Сондай-ақ, шығу кезінде QR кодын сканерлеу керек.

Келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің мәртебесін оның келісімімен ақпараттық жүйеде тексереді.

QR-кодты сканерлегеннен кейін мобильді қосымшада келушінің мәртебесі түрлі-түсті форматта жанады. Ол бойынша адамның байланыста болғаны немесе жұқтырғаны айқындалады:

– «жасыл» мәртебе – келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткені ретінде белгіленген;

– «көк» мәртебесі – ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19 науқаспен байланыста болмаған;

– «сары» мәртебе – деректер базасында COVID-19 науқаспен байланыста болғаны ретінде көрсетілген;

– «қызыл» мәртебе – COVID-19 үшін оң нәтижемен базада тіркелді.

Мәртебе ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 бақылау орталығы сияқты ақпараттық жүйелермен салыстыру негізінде беріледі.

Егер келушінің «қызыл» немесе «сары» мәртебесі байқалса, ол пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектісіне жіберілмейді. Осы мәртебелердің бірімен келушілер туралы ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерін хабардар ету қажет.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button