Жаңалықтар

Ата-аналардың балаларын ҰБТ өткізу пункттерінде күтуіне тыйым салынады – министр

0
(0)

Ата-аналардың балаларын Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттерінде күтуіне тыйым салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Ата-аналарға және түлектерді алып жүруші басқа тұлғаларға балаларды ҰБТ өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады. Ата-аналарға ҰБТ өту барысын сол жерге келмей-ақ үйінде отырып көру үшін онлайн көрсетілімді ұйымдастырамыз. ҰБТ өткізу пункттері тосқауыл таспаларымен жабдықталады.

ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібінде тестілеушілердің арасында 2 метр қашықтықтың сақталуы қамтамасыз етіледі. Бұл 2 метр арақашықтық ҰБТ тапсыратын аудитория ішінде де сақталады», – деді министр. Оның атап өтуінше, коронавирустың таралу қаупін азайтуға арналған қосымша тағы 5 сақтық шарасы қолданылады.

«Біріншіден – тест тапсырушыларды заласыздандыру туннельдерінен өткізу. Екіншіден – аяқ киімдерді арнайы заласыздандыру кілемшелерімен өңдеу. Үшінші – еденді санитайзерлермен заласыздандыру. Төртінші – әр талапкердің дене қызуын өлшеу. Бесінші – бір жолғы қолданылатын жаңа маскалар беру.

Жалпы, бас санитарлық дәрігермен келісілген қатаң санитарлық талаптар барлық жерде сақталатын болады», – деді Асхат Аймағамбетов. Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу кезінде түрлі гаджеттерді, байланыс құралдарын, шпаргалкаларды, әдебиеттерді кіргізуге тыйым салынады.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close