Жаңалықтар

Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар!

Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі

Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол – қазақ тілі. Сондықтан, болашағын отанымен байланыстыратын әр азамат қазақ тілін үйренуі тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады. Жастар өзге тілдерді, оның ішінде орыс тілін жетік меңгерсе, одан еш ұтылмайды. Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы осылай деп мәлімдеді. Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала беретінін жеткізген Қасым-Жомарт Тоқаев, бүгінде бұл салада айтарлықтай нәтиже барын атап көрсетті, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі.

Сонымен қатар, Президент Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастыққа қастандық жасатуға жол берілмейтінін баса айтты. Мемлекет басшысы елімізде радикализмнің кез келген формасына тосқауыл қойылатынын мәлімдеп,  егер де адамды тіліне, ұлтына нәсіліне қарап кемсіту, біреудің намысына тию жағдайы тіркелсе, заң бойынша жауапқа тартылатынын да ескертті.

 

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.