Жаңалықтар

Індет деп тұрғанына қарамастан дәтүрлі оқу жылы басталды

3.6
(5)

Бір жарым жыл телефон мен компьютерге телмірткен онлайн оқу бүгіннен бастап артта қалды. Пандемия салдарынан виртуалды әлемді қош көрген мұғалімдер мен оқушылар енді мектеп қабырғасына қайта оралады. Ал бұған білім ордаларының дайындығы қалай? Індет індеп тұрғанда ата-аналар балаларын оқуға жіберуге қарсы емес пе? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап newsroom.kz. порталы хабарлайды.

Бұл оқу жылы былтырғыдан өзгерек. Қоңырау онлайн емес, офлайн соғылды, әйтеуір. Сыңғырлаған үнін естіген бала да, ата-ана да, мұғалім де мәз. Мектеп табалдырығын енді аттаған Шаттық ұстазын тыңдауға уәде етті.

ШАТТЫҚ, 1-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: – 0946-01, 01.14-00.26 «Тәртіпті болам. Шуламай, сыныпта тыныш отырам.
– Мұғалімді тыңдайсың ба?
-Иә.
– Мектепте оқыған ұнай ма?
– Иә, ұнайды».

Ал ата-ана ең бастысы баласын техникаға телмірткен оқудан құтылғанына риза.

НҰРГҮЛ БАЙЖАНОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ : «Былтыр мына эпидемия кезіндегі бүкіл ата-аналар да әбден шаршаған, қажыған деп ойлаймын. Негізі дәстүрлі оқу деген жақсы. Оқушылар бір-бірімен қоян-қолтық араласады және апайларын экранның ар жағынан емес, тыңдап, тақтаға шығып, апайының жанында сабақ айтқаны өте жақсы».

БИКЕН БАХМҰДОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Негізі барлық жағдай үйде жасала бермейді. Мектепте оқығандай бола бермейді. Мектепте негізі балалардың оқуы, мектепке келіп оқуы дұрыс деп санаймын».

Биылғы білім күнінің бір ерекшелігі – Әліппе. Бес жыл бұрын қол үзіп қалған оқулық 1-сынып оқушыларына қайта жол тартты. Бүлдіршіндерге кітапты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың өзі табыстады. Ал оқушылар жаңа оқулықты жатырқамаған сыңайлы. Жылы қабылдап, сыныпқа кірді.

Осылайша бүгіннен бастап «Әліппе» мәселесіне нүкте қойылды. Ал 7500 мектеп бір жарым жылға созылған онлайн оқуды артқа тастап, дәстүрлі форматқа көшіп, 3 млн 600 мың бала білім ошағына оралатын болды. Олардың 394 мыңы – 1-сынып оқушысы.

Дегенмен мектепке кіріп-шығу бұрынғыдай емін-еркін емес. Мысалы,  қоңырау бір уақытта соғылмайды, кабинеттен кабинетке ауысу да болмайды, әр сыныпта оқушы саны 25-тен аспайды.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ: «Біздің балаларымыз бір кабинетте ғана отырып оқуы керек. Өйткені кабинеттен кабинетке көшетіндей бүгін эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, ДСМ талабы осындай. жалпы санитарлық талаптар осы БҒМ, әлде мектептің өзі, әлде мұғалімнің өзі ойлап шығарған мәселелер емес».

Алайда оқушы көп мектептерде үш ауысым қала бермек. Бұл елімізде мектеп тапшылығы әлі шешілмегенін айқындап берді.

Осыған орай бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуға тапсырма берді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.6 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button