ЖаңалықтарМедицина

Отбасына бақыт әкелетін үйге арналған өсімдіктер тізімі

3.2
(9)

Ата-әжелеріміздің тәжірибесі көрсеткендей, үй өсімдіктері күшті энергияға ие. Олардың кейбіреулері үйге бақыт әкеледі деп саналады.

Үй энергиясына жағымды әсер ететін он өсімдік бар. Олардың тізімін хлорофитум өсімдігі бастап тұр. Бұл гүл жүйкені тыныштандырады, сонымен қатар үйге өзара түсіністік әкеледі деп саналады. Оны депрессияға бейім адамдарға өсіру ұсынылады.

Үйде немесе пәтерде шегіргүл (фиалка) өсіре аласыз. Ол тыныштық сыйлайды және сәттілік әкеледі. Қалауыңыз бойынша Бенджамин фикусын алуға болады. Жорамалға сәйкес, бұл өсімдік баласыз ерлі-зайыптыларға балалы болуға көмектеседі.Бөлме өсімдіктерін сатып алғысы келетіндер драценаға назар аудару керек. Бұл бақыттың символы болып саналады.

Crassula сопақ (crassula) – бұл үйге бақыт пен байлық әкелетін тағы бір өсімдік. Отбасында жиі ұрыс-керіс орын алса, маранта өсімдігін алуға болады. Антуриум үйленбеген еркекке тезірек отбасылы болуға көмектеседі. Спатифиллум, керісінше, өз бақытын тапқысы келетін қыздарға қажет. Пеларгония (герань) отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы эмоционалды жай күйіне оң әсер етеді.

Ақнұр САҒАТҚЫЗЫ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.2 / 5. Бағалар саны: 9

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button