Жаңалықтар

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға ұшып келді

0
(0)

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі еліміздің сыртқы істер министрлігі ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді», – делінген ведомствоның хабарламасында. Қырғыз көшбасшысын әуежайдан еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді күтіп алды.

Жапаров делегациясы мынадай:

  • Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев;
  • вице-премьер-министр – экономика және қаржы министрі Улукбек Кармышаков;
  • Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Дастан Дюшекеев;
  • Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев;
  • Қорғаныс министрі Таалайбек Өмірәлиев;
  • Ауыл, су шаруашылығы және өңірлерді дамыту министрі Асқарбек Жәнібеков;
  • Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев;
  • Көлік, сәулет, құрылыс және коммуникация министрі Гүлмира Әбдіралиева;
  • Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев;
  • Энергетика және өнеркәсіп министрі Кубанычбек Турдубаев;
  • Инвестицияларды ілгерілету және қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Алмамбет Шықмаматов;
  • Экологиялық және техникалық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның директоры Мырзабек Жапарқұлов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button