ЖаңалықтарМәдениет/Тарих

Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби пианист қыз кім еді?

0
(0)

Шомбалова Гүлжауһар Айыпқызы (1919- 1958) – кәсіби музыкалық білім алған алғашқы қазақ қызы, тұңғыш пианист, әрі музыкатанушы ғалым.

Әкесі Айып – Жәңгір ханның саяси жақтастарының бірі, сенімді серіктесі болған ноғай-қазақ руының атақты биі Шомбал Ниязовтың тікелей ұрпағы.

Гүлжауһар Шомбалова 2-курста оқып жүргенінде-ақ 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан.

Гүлжауһар Айыпқызы Ұлы Отан соғысы жылдары филармония әртістерімен бірге еліміздің шығыс шебіндегі әскери бөлімдер мен госпитальдерде өнер көрсетеді.

1958 жылғы мамыр айында Мәскеу консерваториясының Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғаған Гүлжауһар Айыпқызы еліміздегі алғашқы музыкатанушы ғалым қыздардың бірі ретінде осы саланың көшбасшысына айналады. Диссертациялық кеңестің жұмысына академик Әлкей Марғұлан да қатысып, еңбекке жоғары баға береді.

Гүлжауһардың жұбайы Құлахмет Қожықов – қазақтың алғашқы суретшілері тобынан. Ол – Сырдария облысындағы «Алаш» қозғалысының белсенді мүшесі, ғалым, қоғам қайраткері Қоңырқожа Қожықов пен ұлттық қолданбалы өнер шебері, республикамыздағы тұңғыш драма және опера театрларында киім тігуші халық ісмері Ләтипа Қожықова-Лапинаның ұлы.

Өкінішке қарай, талантты ғалым, шебер орындаушы-пианист диссертация қорғағаннан кейін бірнеше айдан соң, 39 жасқа толар-толмаста ауыр науқастан қайтыс болады.

Қос шығармашыл тұлға – Гүлжауһар мен Құлахметтің отбасында Сәуле және Гүлнәр есімді екі қыз дүниеге келген. Үлкен қызы Сәуле Қазақ мемлекеттік университетінде ағылшын тілінен сабақ берді. Сонымен қатар Сәуле – тәуелсіздік кезеңіндегі қазақтан шыққан тұңғыш импресарио.

Хабдина, Б. (2020).Өнер Қарлығашы. Ана тілі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button