ЖаңалықтарМәдениет/Тарих

Қазақтың тұңғыш геолог қызы кім еді?

0
(0)


Патшайым Тәжібаева (1920-1991) Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әкесі Тәжібай сол заманның білімді азаматы болып, орыс тілін жетік білгендіктен үкімет жұмыстарына араласқан. Әкесі ерте қайтыс болып, жетімдіктің, жоқшылықтың тақсыретін ерте тартқан Патшайым балалар үйінде тәрбиеленген. Бауыры Лашкер екеуі сонда жүріп сауат ашып, ары қарай жетіжылдық мектепті бітіреді.

Қазақстан мен Орта Азиядан шықан ең алғашқы ғалым-геолог, профессор, геология-минерология ғылымының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, литология ғылымының негізін қалаушы, Құмкөлдегі мол мұнай қоры барлығын алғаш болжап, оны ел игілігіне жаратуға бастамашы болған.

Қазақ ғылымының қаранары Қаныш Сәтбаевтан тәлім алды. Шөгінді жыныстар мен рудалардың ерекшелігін екшеп, зерделеген. Орталық Қазақстан мен Батыс Қазақстандағы кен орындарының ашқан. Оны «Ғылым әлеміндегі әйелден шыққан Сәтбаев» деп атаған

Ғалымдығына қоса Жоғарғы Кеңестің депутаты, Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары болған, мемлекет және қоғам қайраткері болған. Патшайым Тәжібаеваның еңбектері алыс және жақын шетелде жоғары бағаланған.

«В прямом и переносном смысле глубоко проникла Тажибаева в недра родной земли. Добытыми ею знаниями интересуются во всем мире. Она делает доклад своим коллегам на английском языке в Лондоне. Выступает на конгрессах геологов в Дели и Токио, в Колумбийском университете США. Две международные ассоциации ученых избрали ее своим членом». Сара Есова, общественный деятель.

Патшайым Тәжібаеваның жолдасы – белгілі дипломат Ахмет Аққошқаров. Олардың Қарлығаш және Құралай есімді қыздары бар. Кіші қызы – академик Құралай Аққошқарова, ал күйеу баласы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қазақ жазушысы Сәбит Досанов

Дереккөз: egemen.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button