ЖаңалықтарМәдениет/Тарих

Қазақтың тұңғыш дипломат қызы кім еді?

3
(2)

Балжан Бөлтірікова (1921-1998) Жамбыл облысында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Өзі де қым-қиғаш жұмысына қарамастан төрт бала тәрбиелеген ана.

1941 жылы Алматыдағы мұғалімдер институтын тәмамдаған. Бар-жоғы 21 жасында мектеп директоры болып тағайындалған.

1956-1966 жылдары Қазақ КСР-інің Әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Небәрі 34 жасында алып республиканың министрі болды. Бұл туралы қызы Балғын өз естеліктерінде «Жұмысында аяқ-қолы жоқ жандар жиі отыратын. Анам олардың барлығын қабылдайтын. Жай ғана өтінішін тыңдап қоймай, мәсе­лесін түбегейлі шешіп беруге тырысатын», – дейді.

1966-1971 жылдары Балжан Бөлтірікқызы Қазақ КСР-інің Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы Істер Министрі қызметін атқарды.

Балжан Бөлтірікова БҰҰ Бас ассамблеясының XXI және XXV сессияларына Кеңес Одағының ресми делегациясын бастап барды. Ол қазақтан шыққан тұңғыш әйел дипломат, ел атынан БҰҰ мінберінде сөз сөйлеген қазақ қызы.

Ал 1971 жылы Ағарту министрі (қазіргі Білім және ғылым министрлігі) болып тағайындалды.

Еліміздегі алғашқы заңгерлердің бірі Ескендір Қожабаевпен жарты ғасырдан астам отасқан. Бү­гінде Балжан Бөлтіріқызының ізін жал­ғап отырған ұрпақтары бар. Екі қызы, екі ұлы да сыртқы саясат миссиясында, тіл маманы, профессор болып ата-анала­рының дара жолын жалғауда.

Беркінбаев, О. (2019). Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат әйел – Балжан Бөлтірікова. Түркістан.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button