ӘлемдеЖаңалықтар

Сауд Арабиясы екпе алғандарды ғана қажылыққа қабылдайды

0
(0)

Мұсылман қажылары жаңа коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ғана Мекке мен Мединедегі қасиетті орындарға үлкен және кіші қажылыққа бара алады. Мұндай шешімді Сауд Арабиясы билігі қабылдады.

«Қажылыққа қатысудың басты шарты – жаңа коронавирусқа қарсы вакцина салдыру», – делінген елдің денсаулық сақтау министрі Тауфик ар-Рабианың мәлімдемесінде.

Биыл үлкен қажылық шілденің екінші жартысына дөп келіп отыр. Былтыр пандемияға байланысты қажылық тек 10 мың адамның қатысуымен өтті, оның 30% – сауд арабиялықтар, 70% елде тұратын шетелдіктер. Шетелден келген қажылар қажылыққа жіберілмеді. Арнайы рұқсаттарды беру кезінде басымдық 20-дан 50 жасқа дейінгі созылмалы аурулары жоқ, жаңа коронавирусты жұқтырмаған, бұрын қажылық өтемеген және карантин кезеңіне төтеп беруге дайын адамдарға берілді. Олардың арасында коронавируспен ауырып шыққан дәрігерлер де болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button