Әлем

7 желтоқсаннан бастап Ұлыбритания коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай егуді бастамақ

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігінің Премьер-министрі Борис Джонсон өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында келесі аптадан бастап жаппай вакциянация науқанының басталатындығын жеткізді.

Премьер-министрдің жазуынша, 350 миллион дозаға тапсырыс жасалған. Мұндай мөлшердегі вакцина үш түрлі компания арқылы жеткізілмек.

Атап айтқанда, 100 миллион доза «AstraZeneca» компаниясы мен Оксфорд университеті әзірлеген вакцина болмақ. Сонымен қатар, “Moderna”американдық фармацевтикалық компаниясы вакцинаның 7 миллион дозасын жеткізбек. Аталмыш компанияның вакцинасы сынама кезінде тиімділіктің 95 пайызын көрсеткен.

Бұған қоса, «BioNTech» неміс компаниясы мен «Pfizer» фармацевтикалық компаниясы әзірлеген вакцинаның 40 миллион доазсына тапсырыс берілген. Бұл вакцина 10 айдың ішінде әзірленіп, вакцина дайындау жылдамдығы бойынша рекорд орнатты. Бұған дейін мұндай қысқа мерзімде ешқандай вакцина әзірленбеген.

«The Guardian» баспасының мәліметінше, COVID-19 вирусына қарсы жаппай вакцинация келесі дүйсенбіден, яғни 2020 жылдың 7 желтоқсанынан басталмақ. Британия үкіметі вакцина егу процесін, ең алдымен, медицина қызметкерлерінен және 80-нен асқан тұрғындардан бастамақ.

 Ербол Сармурзин

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.