Жаңалықтар

Серікқали Брекешев ұлттық геология қызметін құру жұмысын аяқтауды тапсырды

Ұлттық геология қызметін құру жөніндегі ұйымдастыру шаралары 1 шілдеге дейін аяқталуы керек.

Ұлттық геология қызметін құру жөніндегі ұйымдастыру шаралары 1 шілдеге дейін аяқталуы керек. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап

«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алдында тұрған экологиялық барлау саласындағы маңызды міндеттердің бірі – елдің минералды-шикізат базасын толықтыру. Осыған байланысты Геология комитетімен бірлесіп, «Қазгеология» АҚ-ына тапсырамын. Біріншіден, осы жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік жер қойнауын басқару бағдарламасына енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін қолжетімді аумақтың ашылуы қамтамасыз етілсін. Екіншіден, Ұлттық геология қызметін құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары 1 шілдеге дейін аяқталсын», – деді Серікқали Брекешев министрліктің алқа отырысында. Сонымен қатар ол осы жылдың 1 мамырына дейін Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірге «Қазжер» бірыңғай платформасында ҚР минералды ресурстар ұлттық деректер банкі ақпараттық жүйесінің міндеттері мен қызметтерін іске асыруды пысықтауды тапсырды. «Мемлекет басшысының батыс өңірлерді дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында 1 сәуірге дейін Қаржы министрлігімен Арал мұнай-газ бассейнінің сейсмикасы бойынша жұмыс жүргізуге қосымша қаржыландыру мәселесі пысықталсын», – деді министр.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.