Жаңалықтар

КАЗГЮУ университеті Өзбекстанда жаңа университет ашуды жоспарлауда

КАЗГЮУ мен Өзбекстанның заң университеттері арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Ташкент қаласында Жоғары және орта арнаулы білім министрінің орынбасары Рахимжон Хакимов пен М.Нәрікбаеватындағы КАЗГЮУ университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевтың кездесу іөтті деп хабарлайды Newsroom.kz порталы

Кездесуде тараптар КАЗГЮУ мен Өзбекстанның заң университеттері арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атапайтқанда, ғылыми-инновациялық қызмет саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту перспективалары қарастырылды.

«Егер ынтымақтастық туралы айтатын болсақ, ғылыми-инновациялық қызметтегі өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу жалғасып келе жатқан серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге қызмет етер еді», – деді Р.Хакимов.

Келіс сөздер барысында М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің қатысуымен Өзбекстанда жаңа жоғары оқу орнын құру мәселесі қаралды. Тараптар бұл бағытты жүзеге асыру мүмкіндіктерін жан-жақты талқылауға келісті.

«Біз өз тарапымыздан кез келген қолдауды көрсетуге дайынбыз. КАЗГЮУ университетінде ауқымды халықаралық жобаларды жүзеге асыру үшін ресурстар мен тәжірибе жеткілікті», – деді Т.Нәрікбаев.

Өз кезегінде өзбек тарапы академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілету арқылы білім сапасын арттыру мақсатында еліміздің жетекші университеттерін біріктіретін қазақстандық «Академиялық адалдық лигасын»  құру тәжірибесін жоғары бағалады. Жақын арада  Өзбекстанның қызығушылық танытқан жоғары оқу орындарының өкілдеріне осы ұйымға мүшеліктің артықшылықтары туралы біле алатын тренинг ұйымдастыру жоспарлануда.

Анықтама үшін: М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелері бойынша үздік қазақстандық университет болып табылады. Бұл рейтинг Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен жүзеге асырылатын жалғыз ресми рейтинг болып табылады.

М.С.Нәрікбаев атындағы

КАЗГЮУ Университетінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.