ЖаңалықтарНұр-Сұлтан қаласы

Сақалды ЛРТ құрылысының аяқталуына тағы  1 млрд доллар керек

0
(0)

Құрылысы қайта жанданған Елордадағы атышулы ЛРТ-ны толықтай салып бітіру үшін 1 млрд доллар қажет. Бірнеше жылдан бері тұралап қалған  жерүсті метросына жан біте бастағанын қала әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде ресми түрде растады.  Алайда шаһар басшының сөзінше, әзірге құрылыс қарқын ала қоймаған. Алғашқы жұмыстар қаржының түскеніне қарай басталады екен. Қазір конкурстық рәсімдер мен банктерді таңдау мәселесі жүргізіліп жатқан көрінеді. Бұл туралы  newsroom.kz тілшісі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазір құрылыс маусымына байланысты жұмыстар қайта жанданды. Бізде қытайлық та, жергілікті де серіктестер бар. Қаржыландыру көзін анықтағаннан кейін жұмысты белсенді түрде бастаймыз. Алайда бетон немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізбес бұрын қазір техникалық сараптама жұмыстары да жүргізіліп жатыр», деді Алтай Көлгінов, қала әкімі.

 Еске салайын,  Астана ЛРТ  құрылысы араға 3 жыл салып қайта басталады. Бұған дейін сақалды құрылысқа бөлінген қаржыны жымқырды деген айыппен 7 лауызымды тұлға 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын. Одан бөлек, сотталушылар мемлекетке 5 млрд теңге айыппұл төлеуге міндеттелген еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button