Жаңалықтар

«Тұмар» биыл кімге бұйырады?

5
(1)

«Тұмар» V ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттарының шорт-парағына 40 финалист енді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылы сыйлық алуға 10 номинация бойынша 250 жұмыс ұсынылды, оның ішінде 88-і қазақ тілінде және 162-сі орыс тілінде. Ең көп өтінім «Үздік деректі фильм» – 42, «Үздік тележурналист» – 40, «Үздік тележүргізуші» – 38 және «Үздік режиссерлік жұмыс» – 31 номинациялар бойынша келіп түсті. 

Естеріңізге сала кетейік, сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфирінде шыққан телевизиялық жобалар қатыстырылды. Сыйлық жеңімпаздары қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы және «Тұмар» мүсіншесінің иегері болады. 

«Тұмар» V ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттар шорт-парағы:

Үздік тележурналист

Нұрбек Бекбау – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы  

Парфенова Мария – Бірінші канал «Евразия» 

Руслан Идрисов – «Atameken Business» телеарнасы

Ирина Алимжанова – «31 канал» 

Үздік тележүргізуші  

Дархан Әбдік –  «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы

Камила Жусупова – «КТК» телеарнасы

Ляззат Шатаева –  «Qazaq TV» телеарнасы

Вера Захарчук – «Хабар 24» телеарнасы

Үздік режиссерлік жұмыс

«Абай жолы» –  «Хабар» телеарнасы

«Нур-Султан. История становления города» – Бірінші канал «Евразия»

«Города крупным планом. Каратау» –«Atameken Business» телеарнасы

 «JOL» –«НТК» телеарнасы

Үздік әлеуметтік жоба

«Теледәрігер» –  «Qazaqstan» ұлттық арнасы

«Дау-дамайсыз» –«КТК» телеарнасы

«Жертва. Отдел журналистских расследований» – «Хабар» телеарнасы

«Вставай и делай» –  «Atameken Business» телеарнасы

Үздік ток-шоу

«Басты тақырып» – «Atameken Business» телеарнасы

«Өмірдің өзі…» – «Qyzylorda» телеарнасы

«Aitarym bar» –  «Astana TV» телеарнасы 

«Шешімі бар» – «Almaty TV» телеарнасы

Үздік деректі фильм

«JOL» – «НТК» телеарнасы

«Ауасы ластанған Атырау» – «Qazaq TV» телеарнасы

«Нығмет Нұрмақов. Төртінші Премьер-Министр» –«Сарыарқа» телеарнасы

«90-е – забытые пленки» –«КТК» телеарнасы

Үздік ойын-сауық бағдарламасы

«Жүзден жүйрік» –  «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы

«U-NIGHT SHOW» –«НТК» телеарнасы

«Bailanys aiasynan tys jerde» – «Qazaq TV» телеарнасы

«Профессионал» –«Astana TV» телеарнасы

Үздік телевизиялық сериал

«Әл Фараби» –  «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы

«Полигон» – «Хабар» телеарнасы

«Абай жолы» –«Хабар» телеарнасы

«Tagy Bir Toqsan» –«Gakku TV» телеарнасы

Үздік ақпаратты бағдарлама

«Новости/Жаңалықтар» –«Хабар 24» телеарнасы

«Aqparat» –  «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы

«Аналитика» – Бірінші канал «Евразия» 

«Информбюро» – «31 канал» 

Үздік аймақтық телеарна

«Caspian News» – Атырау қ.

«MAŃǴYSTAÝ» – Актау қ.

«Алау-ТВ» –  Костанай қ.

«Ирбис TV» –  Павлодар қ.

«Тұмар» ұлттық бәйгесінің марапаттау рәсімі 2021 жылғы 6 мамырда Нұр-Сұлтан қ. «Қазмедиа орталығы» киноконцерт холлында өтеді. Іс-шара санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, жабық форматта екінші рет өткізіледі.

«Тұмар» – телевизиялық шеберлік саласындағы жоғары жетістіктері үшін Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Осы жылдар ішінде отандық телевизиялық журналистиканың 48 маманы эксклюзивті мүсіншеге ие болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button