Жаңалықтар

«Екпе егілді» деген құжат сатып жатыр

0
(0)

Алматыда екпенің электронды төлқұжатын жасауды кәсіпке айналдырғандар анықталды. Пысықайларды журналистік зерттеу жүргізген әріптестеріміз анықтап, барлық мәліметтерді құзырлы органдарға тапсырды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Екпенің электронды төлқұжатын жасаумен қалада бірнеше адам айналысқан. Солардың біріне хабарласқанымызда Ажар есімді келіншек паспорт алудың жолдарын айтып, деректеме карточкасын жіберді. Онда қызметтің бірнеше түрін көрсететіні жазылған. Банк картасына уағдаласқан 15 мың теңгені аударып, жеке куәліктің көшірмесін жібердік. 20 минут өткенде әріптесіміз Дінмұхамед екпе салдырғандар тізіміне енді. Осыдан кейін полиция қызметкерлерімен бірге күдіктіге аттандық.

Полицейлер менеджер қызметін атқарған Ажардан жауап алу үшін оны департаментке жеткізді. Бала күтімімен отырған келіншек Индира есімді дәрігермен бірге медбике болып жұмыс істепті. Телефонын тексеру барысында көптеген адамдардың құжаттарының көшірмесі анықталды. Бірақ осындай әрекетке бірінші рет барып отырмын деп ақталды.

АЖАР, күдікті:

Врач айттыТуған-туыстарыңа керек болса, маған хабарлас». Оны мен, үйде отырған адам, қайдан білейін? Маған Айжан деген қыз хабарласты. «Ажар апай, қалыңыз қалай, осылай-осылай керек еді» деп, бір данный жіберді. Мен құр врачқа жібере салдым».

Ажар екі арада делдал болғанын айтады. Ал барлық жұмысты №21 емханада екпе салатын дәрігер тындырады екен. Анықтаушылар Индираны жұмыс орнынан таба алмады. Емхана басшылығы естіген бойда оны жұмыстан шеттетіпті.

Наталья  РАХАЛЬСКАЯ, №21 емхананың бас дәрігері

Ол бізде жұмыс істейді. Қазіргі таңда ол өз қызметінен шеттетілді. Осы дерек анықталғаннан кейін қызметтік тексеру жүріп жатыр».

Мекеме басшылығы қызметкеріне қатысты ақпаратты тамтұмдап қана берді. Дәрігердің тұрғылықты жерін полицейлердің өздері анықтады. Бірақ үйінен таба алмадық. Алдын-ала екерту берген болу керек, есігін де жауып үлгермепті.

Салтанат ӘЗІРБЕК, Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі

Аталмыш дерек соталды бірыңғай тізімінде Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша тіркеліп, анықтау басқармасы тергеуді жүзеге асыруда. Осы іске қатысты барлық тұлғаларға құқықтық баға берілетін болады».

Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденетін болса 4 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button