Жапония үнемі кешігіп жүретіндерге арналған оятқыш қосымшасын ойлап тапты. Ол кешіккендерден ақша алады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Жапондық әзірлеушілер Mezamee қосымшасын ұсынды, оның функциясы – егер пайдаланушы кешіксе картасынан ақша алу.
Ақшаны жоғалтпау үшін қолданба пайдаланушысы белгіленген уақытта үйінен кемінде жүз метр қашықтықта болуы керек. «Айыппұлдың» ең аз мөлшері-100 иен (шамамен 70 рубль).
