Жаңалықтар

Президент халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

4.7
(3)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті композитор һәм жұртқа танымал әнші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Ескендір Өтегенұлын халқымыз қоңыр дауысты әнші және жан тебірентерлік әндер шығарған композитор ретінде өте жақсы көрген еді. Ұзақ жылғы шығармашылық жолында жемісті еңбек етіп, отандық музыка өнерінің дамуына зор үлес қосты. Халқымызға 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармаларын тарту етті. Әсіресе, «Атамекен», «Анаға сәлем», «Есіңе ал», «Айналайын», «Әдемі-ау», «Гүлсезім» және басқа да тамаша туындылары көрермен тарапынан жоғары бағасын алды. Халқымыздың сүйіспеншілігі мен айрықша құрметіне бөленді. Еліміздің өнері мен мәдениетін өркендетуге атсалысып, соңына жарқын із қалдырған Ескендір Өтегенұлының бейнесі ұмытылмайды, есімі халқымыздың жадында сақталады», – делінген жеделхатта.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button