ЖаңалықтарҚоғам

Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық сотталды – БАҚ

0
(0)

Оңтүстік Кореяға заңсыз барған екі қазақстандық Таиланд азаматына шабуыл жасап, ақшасын тонағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы жергілікті Daejeon MBC News телеарнасы мәлімдеді, – деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Телеарнаның мәліметі бойынша, Тэджон соты екі заңсыз иммигрант – Қазақстан азаматтарын – 4 жыл және 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Олар жезөкшелікпен айналысқан шетелдік мигрантқа шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Сотталғандардың бірі 19 жаста екені белгілі болды.

Былтыр желтоқсанда Тэджон қонақүйлерінің бірінде қазақстандықтар Таиландтан келген трансгендерге шабуыл жасап, миллион вон (350 мың теңгеге жуық) ұрлап кеткен және полицейлерге қарсылық көрсеткен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close