ӘлемдеЖаңалықтар

Ресей: қазақтың үш алыбына арналған кітап көрмесі ашылды

5
(1)

Санкт-Петерборда үш бірдей аса көрнекті тұлғаға арналған кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ресей ұлттық кітапханасында экспозицияның ашылуы бүкіл әлемге әйгілі  философ әрі ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және шығыстанушы Шоқан Уәлихановтың 185 жылдық мерейтойларына орайластырылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ашылған көрмеде 150-ден аса экспонат қойылған. Арасында әлемнің түрлі тілдерінде басып шығарылған кітаптар бар.

Ресей және Қазақстан мамандары бірлесіп ұйымдастырған бұл көрменің мақсаты – Санкт-Петербор тұрғындарын Қазақстанның мәдени мұрасымен таныстыру.

Бауыржан Досманбетов, ҚР Бас консулы: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында белгілі ғұламаларымыздың мерейтойын атап жатырмыз. Бұл Әбу Насыр әл-Фараби, Абай Кұнанбайұлы мен шығыстанушы Шоқан Уәлиханов. Санкт-Петербор тұрғындары таныссын деп қаланың кітапханаларына жақында үш: орыс, қазақ пен ағылшын тілінде басып шығарылған кітаптарды сыйға тарттық».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button