Жаңалықтар

Мандарин таңсық асқа айнала ма?

5
(1)

Алматы қаласында цитрус өнімдерінің бағасы шарықтап тұр. Әсіресе Қытайдан келетін мандарин қымбаттаған. Коронавирус салдарынан екі ел арасындағы алыс-беріс бәсеңдеп, сауда-саттық қиындаған. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл Алматыдағы ең ірі сауда-логистикалық орталық. Желтоқсан айында мереке күндері көп. Дәл осы уақытта мандариннің саудасы да қыза түседі. Әшейінде көтерме қатарда иін тіресіп тұратын жүк көліктерінің қатары сиреп қалғаны бірден байқалады.

 Жанат ЖАНҒОЗИНА, саудагер:

– Былтырғы жылдары бір күнде 100 ящик сатсақ, оптовиктерміз ғой. Қәзірде біз 10 ящик сатамыз. Өте қымбат. Базар оны тартпай тұр. Халық бағасын көріп қашады. Енді біз не істеміз? Товарлар қымбат кіріп жатыр. Былтыр көтерме базарда мандариннің бір келісі 300 теңге болса, биыл 1200 теңгеден сатылып жатыр. Яғни 4 есе қымбаттаған. Ал қала ішіндегі шағын базарлар мен дүкендер 1500 теңгеден саудалауда. Қытайдан келетін балғар бұрышы секілді көксөк бағасы да өскен.

Жұмадин ПАТОВ, сауда-логистикалық орталық директорының орынбасары:

Мысалы, былтыр сауда-логистикалық орталыққа Қытайдан күніне 30-35 жүк тиеген көлік келетін. Биыл аптасына ең көп дегенде 2-3 көлік келіп отыр. Қыс мезгілінде қытайлық өнімге деген сұраныс жоғары. Себебі біздің диқандардың күзде жиған өнімі бұл уақытта таусылады. Қазір Қытайдағы карантинге байланысты сұранысты өтеу қиын болып тұр. Сол себепті баға қымбаттап жатыр. Әрине мандарин әлеуметтік маңызды азық-түлікке жатпайды. Дегенмен, қыс түссе дастарханның сәнін келтіріп тұратын мандарин биыл таңсық асқа айналатын түрі бар.

\

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button