Жаңалықтар

Жалақысын ала алмаған жұмысшылар өздері жасаған жолды қиратып тастады

3
(4)

Мердігер мекемеден айлығын ала алмаған жұмысшылар жаңадан жасалған жолды қопарып тастады. Олар осылайша жұмыс берушіден кек алмақ болған. Әлеуметтік желіге таралған видеода наразы жандар басшылары ондаған миллион теңгеге көлік, үй сатып алып, жалақыларын кешіктіргендерін мәлімдеген болатын. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ақшасын бермейді. Өздері 40 миллионға Джип алып жатыр, квартира алып жатыр. 200 мың теңгемізді бере алмайды».

Оқиға Алматыдағы «Мамыр-3» шағын ауданында тіркелген. Ауланы көріктендірген жұмысшылар айлықтарының уақтылы төленбегеніне шағымданған болатын. Алайда мердігер мекеме өкілдері оның барлығы жалған ақпарат деп ақталды. Олардың айтуынша қымбат көлік те, пәтер де сатып алмапты. Бар гәп, жұмысшылар өздеріне жүктелген міндеттерді дұрыс атқармауынан туындаған көрінеді. Асфальтты дұрыс төсемегендіктен оны бұзып, қайта жасауды талап етіпті. Келтірілген шығынды еңбекақыларын ұстап, өздерін жұмыстан қуып жіберген.

Дәрия ЫДЫРЫСОВА, Мердігер мекемесінің өкілі:

«Менде барлық құжаттар бар. Ақшалары уақтылы төленіп жатыр».

Ал, Бостандық ауданы әкімдігінің қызметкерлері аудан бойынша биыл 205 ауланы көріктеніру жоспарланғанын жеткізді. Оған қала қазынасынан 4 миллиард теңге бөлініпті.

Қазіргі таңда аудан бойынша 17 компания жұмыс істеуде екен. Алайда мердігер мекемелердің жұмысына тұрғындардың көңілі толмайды екен.  Жолдарды жөндегенде ешқандай технология сақталған жоқ, ал құрылыс қалдықтарының үстін топырақпен жауып қойды дейді .Ол жерге ағаш та, гүлде өспейді деп отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close