Жаңалықтар

Тағы да 29 оқушыдан коронавирус анықталды: жағдай қиындап барады

3
(2)

Шығыс Қазақстан облысында 29 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 қыркүйектегі соңғы мәліметтер бойынша 27 оқушының 6-уы емделіп шығып, оқуды жалғастыруда. 12 оқушыдан COVID-19 вирусы күнде жүргізілетін таңертеңгі тексеру кезінде анықталған.

«ШҚО аумағында коронавирус ошағына айналған мектептердегі кезекші сыныптарды қашықтан оқытуға ауыстыру туралы қаулы шығарылды. Қауіпті вирус анықталған барлық мектепте эпидемияға қарсы сантиариялық-дезинфекциялық шаралар жүргізілді», – делінген баспасөз қызметі көрсетілген хабарламада.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше облыста 191 757 оқушы оқитын 647 мектеп бар.

Оның ішінде 37 078 бала оқитын 376 (58,0%) мектеп тұрақты режимде, 107 543 оқушысы бар 271 мектеп (42,0%) қашықтықтан жұмыс істейді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close