Жаңалықтар

Алакөлге демалуға барған қыз бала топырақ астында қалып, көз жұмды

0
(0)

Алматы облысының Алакөл ауданындағы Көктұма ауылында жар құлап, 17 жастағы қыз баланы топырақ басып қалды.

Курортты өңірге бірнеше күн бұрын келген демалушы алған ауыр жарақатының салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі   Хабар 24. арнасына сілтеме жасап.

Мәйітті топырақ астынан қазып алу жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен Алакөл жағалауындағы құтқарушылар отряды жұмылдырылды.

Қазір осы оқиғаға байланысты арнайы жұмысшы тобы құрылып, қайғылы оқиға болған жер тексеріліп жатыр.

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қанағатовтың айтунша, биыл 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, Алакөлдің Ақши және Көктұма ауылдарының тұсындағы жағалауын нығайту жұмыстары басталған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close