Жаңалықтар

Биыл 38 мыңнан астам адам кешенді тестілеу тапсыруға ниет білдірді

0
(0)

Биыл 38 мыңнан астам адам кешенді тестілеу тапсыруға ниет білдірді. 2019 жылы магистратураға түсуге тілек білдірушілер саны 30 579 адамды құрады. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы жылы қазақстандық жоғары оқу орындарының 13 300 түлегі еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлауға бөлінетін мемлекет қаражаты есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімді тегін ала алады.

Докторантураға түсу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі:

Карантин режимінің ұзартылуына байланысты докторантураға құжаттарды қабылдау 10 тамызға дейін жүзеге асырылады. Докторантураға түсу емтихандарын 17-22 тамыз аралығында жоғары оқу орындары өздері өткізеді. Докторантураға қабылдау 28 тамызда аяқталады. PhD мамандарын даярлауға арналған мемлекеттік гранттардың саны 1 815 құрайды.

Емтихандарды өткізу кезінде медициналық қызметкерлердің жұмысы ұйымдастырылады, оқуға түсушілерді аудиторияларда отырғызу барысында әлеуметтік қашықтық қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қатаң маска режимі сақталады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close