Жаңалықтар

Елена Малышева: балаларға маска тағудың қажеті жоқ

0
(0)

Ресейлік дәрігер және тележүргізуші Елена Малышева Қазақстанда шыққан жаңа қаулыға қатысты пікір білдірді.

Instagram желісінде қазақстандықтардың бірі Елена Малышевадан балаларды да далада маска тағуға міндеттейтін қаулыға қатысты не ойлайтынын сұраған.

Дәрігердің айтуынша, бұл дұрыс емес, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Америка Құрама Штаттарында маска киген екі баланың өлімі тіркелді. Балалардың тыныс алу жүйесі толық жетілмеген. Бұдан бөлек, олар ересек адамдарға ешқандай қауіп төндірмейді», – дейді тележүргізуші.

Сондай-ақ Малышева АҚШ-тың педиатрлар қауымдастығына сілтеме жасай отырып, балалармен әлеуметтік қашықтық сақтаудың да қажеттігі жоғын айтып отыр.

Айта кетейік, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар далаға маска тағуға міндеттелді. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында жазылған. Кейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл норманың балаларға да қатысы барын айтты. Ол бетпердені барлық қоғамдық орындарда міндетті түрде тағу қажеттігін атап өтті.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close