Технология

Қытайдағы 5G базалық стансаларының жалпы саны 2,384 млн-ға жетті

Қытай Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігінен алған ақпаратына сәйкес, ақпан айының соңындағы жағдай бойынша Қытайдағы 5G базалық стансаларының жалпы саны 2,384 миллионға жетті, бұл ұялы байланыс базалық стансаларының жалпы санының 21,9%-ы. 5G желілерінің құрылысы тұрақты түрде алға жылжып келеді, деп Newsroom.kz хабарлайды Kaz.people.cn дереккөздеріне сүйене отырып.

Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігінің деректері қаңтардан ақпанға дейін ақпараттық-коммуникациялық саланың жалпы жұмысы тұрақты болғанын көрсетеді. Телекоммуникация қызметтерінің кірісі мен жалпы бизнес көлемі тұрақты түрде өсіп, бұлтты есептеу сияқты жаңа қызметтерді пайдалану ауқымы кеңейе түсті. 5G, гигабиттік оптикалық желілер және заттар интернеті сияқты жаңа инфрақұрылымның құрылысы тұрақты түрде алға жылжыды.

Қаңтардан ақпанға дейін телекоммуникация бизнесінің кірісі 280,3 миллиард юаньды құрап, өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 7,9%-ға өсті. Үш ірі телекоммуникациялық компания IPTV, интернет-деректер орталығы, Үлкен деректер, бұлтты есептеу және заттар интернеті сияқты жаңа қызметтерді белсенді түрде дамытты. Қаңтардан ақпанға дейін олардың бизнестен түскен кірісінің жалпы сомасы 62,9 миллиард юаньды құрап, өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 25,7%-ға өсті.

Сонымен қатар ұялы телефон пайдаланушыларының саны тұрақты түрде өсіп, 5G пайдаланушыларының үлесі арта түсті. Ақпан айының соңындағы жағдай бойынша үш ірі телекоммуникациялық компаниядағы ұялы телефон пайдаланушыларының жалпы саны 1,695 миллиардқа жетті. Олардың ішінде 592 миллион 5G ұялы телефон пайдаланушысы бар.

Фото: Kaz.people.cn

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.