Технология

Жасыл технологияларға инвестиция тартылады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанда жасыл технология жобаларын қаржыландыру үшін арнайы іс-шараларды жүзеге асырады, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, бұл жұмысты Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы жүргізеді. Орталық жасыл технология жобалары, жаңа технологиялар, өнімдер мен өнертабысқа инвестор іздейді.

«Аталған жобалар Қазақстанның болашағы үшін маңызды. Сондықтан оларға қолдау көрсету керек. Бірақ ол қомақты қаражатты талап етеді. Жобаларды жүзеге асыратындарға инвестор тауып беру де өзекті болып саналады. Оны табу үшін жобаны барынша тартымды етіп, коммерция жағынан қарау керек. Біз осы жұмысқа жауап береміз», – деді ведомство қызметкерлері.

Бүгінде жасыл жобалардың тізімі мен арнайы реестрі жасалған.

«Жобаларды қаржыландыру үшін «жасыл облигация», «жасыл кредитті» іске қосамыз. Бұл жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді», – деді мамандар.

Елімізде 3 жылда 300-ге жуық жасыл жоба тіркеліпті.

Еске салайық, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойған еді. Оның арасында – «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы да бар. Жобаның мақсаты – халықтың қолайлы өмір сүру ортасын құру, елдегі экологиялық жағдайды жақсарту.

Ұлттық жоба 4 негізгі бағытты қымтиды:

1. «Таза Қазақстан» бағыты атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару, су объектілерінің экожүйелерін сақтау сияқты негізгі экологиялық мәселелерді шешуді көздейді.

5 жылда 16 ірі өнеркәсіптік кәсіпорында шығарындыларды 20%-ға төмендету жоспарланып отыр. Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлектеп жинауға арналған 8 мыңнан аса контейнер орнату, олардың үлесі мен кәдеге жаратылуын 18%-дан 34% -ға дейін ұлғайту.

Су объектілерінің экожүйесін сақтау бөлігінде «Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңін іске асыру. Балқаш көлінің бассейнінде орналасқан өзендердің су көлемі мен өткізу қабілетін ұлғайту

2. «Үнемді Қазақстан» бағыты. Суды үнемді пайдалану арқылы 401 арнаны реконструкциялау, 212 арнаны цифрландыру есебінен суару кезіндегі су ысырабын 4 текше шақырымға азайту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ суарылатын жерлерді 600 мың гектарға ұлғайту шаралары қарастырылған.

2025 жылға дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында су жинау көлемі 1,7 текше шақырым болатын 9 жаңа су қоймасы салынады.

Бұл бағыттағы екінші міндет – өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жабдығын жаңғырту, бюджеттік сектордағы жарықтандыруды жаңғырту есебінен энергия тиімділігін арттыру.

3. «Табиғат» бағыты. Қазақстанда кемінде 65% болатын 2 млрд ағаш отырғызу әрі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың санын қалпына келтіру.

4. «Экология болашағы» бағыты – қазақстандықтардың экологиялық білімі мен мәдениеті деңгейін арттыру.

Фото: Eferrit.com

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.