Техника

Нұрбек Бекбау: кабельдік интернет тарихқа кетті

0
(0)

10 шақты «жұлдыз»-дың тізіліп ұшқанына таңғалып жатырмыз ғой. Бұл Илон Масктің ғарышқа жіберген спутниктері ғой. Әлі, Илекеңнің бұл аппараттары аспанда парад жасап өтерін көресіз. Өйткені, алдағы уақытта олардың санын 12 мыңға дейін арттырмақшы. Жер бетіне тегін интернет таратам,-деп жар салды емес пе? Маскттің мәрттігінің астарында не жатыр? Астрономдар неге алаңдаулы? Ал, неге орыстар, Масктің спутниктері шашқан вай-файды бұғаттап тастайтын технология құрастырып әлек. Неге?

КАБЕЛЬДІК ИНТЕРНЕТ ТАРИХҚА КЕТТІ! ХОШ КЕЛДІҢ СПУТНИКТІК ИНТЕРНЕТ!

Араға уақыт сап, SpaceX компаниясы дүркін-дүркін ғарышқа интернет спутниктерді ұшырып жатыр. Мақсат кабельдік интернеттің дәуірін тоқтату! Илон Маск пен оның «спутниктері» енді жердің кез келген нүктесін ғаламтормен жарылқаймыз деп иландырады.
Спутниктен интернет тарату идеясы 90-жылдарда сөз болғанымен, ХХІ ғасырда ғана нәтижесін бере бастады. Бірақ, оның өзінде кабельдік интернет желісімен бәсекелесе алмай келді. Рас. Спутник әп-сәтте планетаның үлкен аумағын қамти алады. Бірақ, кабельдік интернеттен қарағанда, жылдамдығы сәл шабандау. Өйткені, жерден сонау 500 шақырым аспандағы серікке, сіз осында отырып сигнал жібересіз. Ол қабылдап, кейін қайта жіберем дегенше, 15-20 милисекунд кетеді. Бұл кәдімгідей ғаламтордың шапшаңдығына тұсау болары сөзсіз. Сондай-ақ, жер-серік бір орында тұрмайды, планетаны әр екі сағат сайын айналып шығады. Яғни сигнал қабылдаған нүктеге қайта оралу үшін, екі сағат кетеді. Бұл жағынан да тиімсіз еді.
Ал, Илон Маск бірден 60 спутник ұшырды. Бір аппарат сигнал қабылдаған аумағынан ұшып кеткенде, оның орнына келесісі тұра қалады. Осылайша жерге сигнал үздіксіз ағым ретінде барып тұрмақ.
Айтпақшы, спутниктік желіге смартфонның көмегімен қосылу мүмкін емес. Олардың жердегі қызметі тек терминалдармен тікелей байланысты. Терминал деп отырғанымыз, жерсерік сигналын қабылдап, оны тұтынушының құрылғысына, роутерге, ноутбукке немесе компьютерге жеткізетін көлемі пиццаның қорабы іспетті құрылғы. Болашақта 12 000 спутник бір сәтте 14 миллион терминалға қызмет көрсетуге қауқарлы болмақ. Бұл 3-4 миллиард адамды интерн2 мың жер серігін алдағы 6-7 жылда ұшырып тастауға ниетті.
SpaceX әуелі интернетті тегін етіп, әрі оны 5G етіп, әлемдегі қалған провайдерлер жаһандық нарықтан банкрот қып қуып шығатын шығар? Сосын????

SpaceX неліктен Жердегі ең ірі провайдер болғысы келеді?

Бүгінде бүкіл әлемдік интернет-қосылым нарығының 50 пайызы, бір ғана компанияға тиеселі. Бұл жерде әңгіме миллиардтан астам клиенттер туралы болып отыр. Осы «әділетсіздікті» SpaceX түземекші. Илон 2020 жылдардың екінші жартысында коммерциялық ғарыштық ұшулардың әлемдік нарығынан жылына $5 миллиард, ал спутниктік интернеттен $30 миллиард түсім алуды жоспарлап отыр.
Иә, SpaceX компаниясы марсқа адам ұшырам,-деген амбициямен танымал компания. Марсқа ұшатын уақыт келгенге дейін, әуелі планетадағы ең ірі монополист-провайдер ретінде қалыптасуды армандайды.

ТЕГІН ИНТЕРНЕТ ШАШАТЫН СПУТНИКТЕР НЕГЕ КЕРЕК?

Илонның айға шапқан мұндай амбициясының себебі қарапайым. Маск мырза, қазір салынып жатқан Starship жүйесінің көмегімен адамдарды Марсқа ұшыруды жоспарлап отырғаны баршаға белгілі. Бұл кеменің ішкі көлемі, орыстың ең алып Протон, америкалық Авангардтардан қарағанда, 800 текше метрден артық. Әлем елдері 3 жылда зорға аспанға аттандыратын спутниктердің баршасын, бұл алып зымыран бір ұшқанда-ақ көтеріп шығара алады. Әрі 4-5 жылда онысы дайын болып қалады. Бірақ, әзірге бір сәтте, мыңдаған серікті аспанға шығаруға планетаның әлеуеті жете қойған жоқ.
Сол үшін, Илон Маск орбитаға 12 мың спутникті, жыл сайын біртіндеп шығарып отырмақ. Зымыранды осы мақсатта пайдаланады. 12 мың серікті төбеге тасымалдап болғанша, спутниктер интернет сатып, өзінің құнын ақтайды. Әрі болашақта марсқа алып баратын уақыт туғанға дейін, SpaceX-тің алып зымырандарына жұмыс тауып береді…

Нұрбек БЕКБАУ

Сілтеме

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close