Техника

Миымызға жойқын шабуыл жасалуда: сіз де құрбансыз

5
(2)

Күнтізбеге бағынбайтын күнделікті маркетинг

«Маркетинг» өзге тілден енген сөз. Әдемі естіледі. Бірақ, адам өмірінің барлығы осы сөзбен тікелей байланысты. Шыр етіп дүниеге келген кезден бастап, қажеттілігің пайда болады. Қоғамның кішкентай бөлшегіне айналасың. Алыс пен берістен тұратын алдамшы өмірде сіз алып жүрсіз бе, беріп жүрсіз бе?

Ми – маркетингтің маңызды объектісі

Ми мен жүрек адамды басқаратын басты мүше. Маркетолог мамандар адамның жүйке жүйесіне, сезім мүшелеріне әсер ете алатын тылсым күшке ие. Ең алғаш АҚШ-та пайда болған. Пән ретінде Мичиган университетінде осыдан бір ғасыр бұрын енгізілген.

Маркетинг саласын алғашқылардың бірі боп зерттеген ғалым, жазушы Котлер:

«сұранысқа ұсыныс жобасын адамның миына емес, жүрегіне енгізе білу керек. Адамның қалауы ми мен әсте жүрекпен өлшенеді»,-дейді.

Қысқаша айтқанда, адамдар маркетинг саласының басты құрбаны.

Күнделікті өмірімізде біреуге сатылып, біреуге сатып жүргенімізді аңғармаймыз. Көбі бұл саланы тек жарнама сферасымен байланыстырып жатады. Алайда ішетін асымыздан бастап, тыңдайтын әуенімізге дейін жасырын нарық. Мұның өзі бірнеше тармақтарға бөлінеді. Өмірімізде жиі кездесетіні:

Нейро маркетинг – тікелей миға әсер ету арқылы саудасын жүргізу. Қазіргі таңда сауданың ең тиімді тәсілі әлеуметтік желілер. Жарқыраған жарнама мен тиімді жарна миға әсер етеді.

Арома маркетинг – иіс сезу мүшесі арқылы жүрегіңізге жол табатын қолайлы әдіс. Әр ғимараттың өзіне тән иісі болады. Кейде аңғармаймыз. Бірақ, иістің өзі де сатылуыңызға әсерін тигізеді.

Аудио маркетинг – әуен көңіл-күйді көтереді. Барлық мейрамхана, кафе, киім дүкені, ойын-сауық орталықтарында көңілді музыка қосылып тұрады. Неге? Өйткені, сіз музыка тыңдау арқылы өзіңізді жайлы сезініп, еркін демаласыз. Адамның әлсіз тұсы да осы.

«Байланыс жасамаңыз. Қарым-қатынас құрыңыз», – Рэнд Фишкин

Қажетіңді өтейтін барлық нәрсе маркетинг күшімен дамиды.

Туған-туыс синдромы: тегін маркетолог

Әр адамның шағын және орта бизнеспен айналысатын туысы бар. Олар сататын, ұсынатын тауарды біз тұтынамыз. Өзіміз қолданып көрмесек те, өз таныстарымызға жарнамалаймыз. Ең бірінші қармақ – туыстар. Бұл қалыпты жағдай. Қолдау көрсетіп, тегін маркетолог атанамыз.

Жоғарыда айтып өткендей, мен пайдаланатын NL, Amway компанияларының өнімдері дос жаран, туыстарымның үгіт-насихатымен, сатып алдым. Бұл синдромнан құтылу мүмкін емес. Қанымызда бар.

Қазір ең актуалды нәрсе – конкурс. «Бір досыңды тірке де, біздің дүкеннен тегін шаңсорғыш ұтып ал».

Инстаграм желісінің алгоритмі осындай, және барлығымыз осындай конкурстардын комментарийінде жүреміз. Мұның өзі сауда нарығының тыңшылық әрекеті. Кем дегенде, конкурс аккаунтына тіркелген 100 мың адамның 30 мыңы тұрақты оқырманына, клиентіне айналады. Біз бұл жүйеге себепшіміз.

Айтқан әр сөзіміз маркетологтардың азығы

«Прослушкадан» сақ болыңыз. Мысалы, мен «Nyx косметикалық дүкенінен опа далап алуым керек» деп құрбыма айттым. Бірер минуттан кейін, дүкеннің жарнамасы шығып тұрады. Басында таң қаламыз, кейін жарнаманың сілтемесіне өтіп, керек затымызды аламыз. Бәрі оп-оңай.

Міне, сатылу не сату процесі күнделікті өмірде осылай жүзеге асады. Енді ойланыңыз, кімсіз?

Інжу ӨМІРЗАҚ

 

 

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close